Синоптиктер 30 шілде күні елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.
Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде күш ашық болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел қарқыны 25 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Күндіз Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Манғыстау облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілде, бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
2020-07-30 07:00:49
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77339-30-shlde-beysenbge-arnalan-aua-rayy-bolzhamy.html#talgar
Последние новости
30.07.2020
Гороскоп на 30 июля
30.07.2020
Назначен первый заместитель акима Шымкента