Қызылорда қаласында үш жастағы сәби электр тогына түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Оқиға бүгін, 29 шілдеде жергілікті уақытпен 12.10-да облыс орталығындағы әл-Фараби көшесі бойында орналасқан жеке үйде тіркелді. 2017 жылы дүниеге келген бала ата-анасының бақылауынсыз қалған.
«Сәби токқа жалғанған электр сымының жанында ойнаған. Электр тогына түсіп қалған ол оқиға орнында қайтыс болды. Облыс көлемінде мұндай жағдай биыл екінші мәрте тіркеліп отыр. Бұдан бұрын да үш жастағы ер бала тоққа түсіп, көз жұмған еді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Қызылордада үш жастағы сәби тоққа түсіп, қайтыс болды
2020-07-29 17:00:44
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77332-yzylordada-sh-zhastay-sbi-toa-tsp-aytys-boldy.html#talgar
Последние новости
29.07.2020
Чемпионат РК по футболу снова отложили