Видеода сопақ бұлттар бірнеше шақырымға созылады. Автордың сөзіне қарағанда, видео Қарағанды облысының Жәйрем ауылында түсірілген.
Қазгидромет мамандары видеоның Қарағанды облысында түсірілгенін растады. Ондай құбылыс "орам бұлттар" (volutus) деп аталады.
Достар, бүгін Жәйрем кентінің аспанында осындай бұлттарды көрген боларсыздар. Бұл төтенше жағдай емес, аталған құбылыс жөнінде Қазгидромет мамандары түсініктеме берді. Таңғы глория-бұл сирек кездесетін метеорологиялық құбылыс, ол көлденең бұралған бұлттар түрінде көрінеді. Бұлттар биіктігі 1-ден 2 км-ге дейінгі найзағайлы жиекті құрап, көбінесе жерден 100-200 метр биіктікте (бірақ әдетте жоғары) орналасады. Оның ұзындығы 1000 км-ге дейін жетіп, сағатына 60 км жылдамдықпен қозғалады. "Таңғы глория" көбіне қатты желмен және жер бетіндегі қысымның өзгеруімен сипатталады. Бұлттың алдында ауаны жоғары жылжытатын және бұлтқа белгілі бір пішінді беретін жылдам вертикальді қозғалыс пайда болады. Көбіне бұл құбылыс найзағай басталғанға дейін пайда болады. ———— Уже и облака ⛅️ пугают ????. Вот такое необычное явление наблюдали сегодня в нашем Жайреме. Это не ЧП ???????? Как пояснили в Казгидромете это утренняя глория — редкое метеорологическое явление, выраженное в виде закрученных горизонтально облаков. Они представляют собой грозовой воротник высотой от 1 до 2 км, зачастую находящийся всего в 100-200 метрах над землёй (но обычно выше), который может достигать 1000 км в длину и перемещаться со скоростью до 60 км/ч. «Утренняя глория» часто сопровождается шквалами, сдвигом ветра и скачком давления на поверхности. Впереди облака происходит быстрое вертикальное движение, которое перемещает воздух вверх и «закручивает» облако, а в середине и задней части облака воздух опускается вниз. Чаще всего образуются перед началом грозы.
Опубликовано Мариной Шаповаловой Вторник, 28 июля 2020 г.
"Орам бұлттар – бұл сопақ және көлденең жатқан бұлтты масса. Ол көбінесе төмен орналасады және формасы құбырға ұқсайды. Сосын айналып тұрғандай болып көрінеді. Орам бұлттар бір-бірімен байланыспайды. Бұл Жер атмосферасындағы толқынды ауытқулардың көрінісі болса керек", - дейді синоптиктер.
Олардың айтуынша, қатты желдің әсерімен дымқыл ауа жоғары қарай көтерілгенде суи бастайды. Содан цилиндрлік бұлттар пайда болады. Ондай құбылыс сирек кездеседі.
"Соңғы күндері Қарағанды облысындағы ауа-райына оңтүстік циклон әсер етті. Оның ықпалымен күн күркіреп, жаңбыр жауды. Циклон орам бұлттардың пайда болуына да себеп болған", - деп түйіндеді мамандар.