"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ербол Садыр осыдан бір жыл бұрын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал Алмасбек Мамытбеков әкім орынбасары қызметіне биыл ақпанда тағайындалған.