2020 жылғы маусымда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері, алдын ала деректер бойынша, 4,2%-ға немесе 32,9 млрд АҚШ долларына дейін 1,3 млрд АҚШ долларына ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Халықаралық резервтердің өсуі алтын портфелі өсуімен және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі шоттары мен депозиттерінде қаражаты ұлғаюымен байланысты.
Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (57,7 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, алдын ала деректер бойынша, 2020 жылғы маусымның соңында 90,6 млрд АҚШ доллары болды»,- делінген хабарламада..
Маусым айында Ұлттық қордағы қаражат 90,6 млрд долларды құрады
2020-07-29 13:00:40
Последние новости
29.07.2020
К.Токаев поручил продлить карантинные меры