Қазақстанның еңбек нарығында жол жөндеу жұмысшыларының тапшылығы байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, электронды еңбек биржасында (ЭЕБ) жарияланған 12 мыңнан астам бос жұмыс орнына 3 мың түйіндеме орналастырылған. Ең көп сұранысқа ие білікті мамандықтар «бестігіне» тас қалаушы (1912 бос орын), бетоншылар (1861), күзетшілер (1816) және медбикелер (мейіргерлер) (1637) енген.
«Мұндай қорытындыға 2020 жылдың II тоқсанындағы «Қазақстандағы білікті еңбекке деген ұсыныс пен сұранысты талдау» зерттеуінің нәтижелері бойынша WDC (Министрліктің жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы) талдаушылары келді. Жоғарыда көрсетілген кезеңде білікті жұмыскерлер үшін ЭЕБ-да барлығы 163 мың бос жұмыс орны орналастырылды. Ал білікті мамандар түйіндемелерінің саны 106 мыңды құрады», - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.
Осы жылдың ІІ тоқсанында білікті жұмысшыларға деген қажеттілік әсіресе Алматы қаласында (22,5 мың), Қарағанды облысында (17,4 мың), Қостанай облысында (16,4 мың) және Нұр-Сұлтан қаласында (16 мың) байқалған.
«Сәуір айында ай сайынғы динамикада жыл басынан бері бос жұмыс орындарының ең аз саны, яғни 25 мыңнан сәл артық жұмыс орны орналастырылған. Бірақ мамыр айында карантин режимінің біртіндеп әлсіреуі және жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында бос жұмыс орындарының саны 2,8 есеге өсті», – дейді WDC болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Сарапшылардың айтуынша, білікті еңбекке қатысты орналастырылған бос жұмыс орындарының жартысынан көбі екі кәсіби топқа: кәсіпқойлар мен өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас салалардың жұмысшыларына бағытталған.
Қазақстанда жол жөндеуші жұмысшылар жетіспейді
2020-07-29 11:00:41
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77295-azastanda-zhol-zhndeush-zhmysshylar-zhetspeyd.html#talgar
Последние новости
29.07.2020
Тоқаев карантин режимін ұзартуды тапсырды
29.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ