Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов қызметінен кетті. Енді ол астанадағы жұмысына қайта оралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысына келген кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтардың миссиясы (Нұр-Сұлтан мен Алматыдан) орындалды. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақтандырылды. Аймақтағы карантиндік шектеулер бойынша үгіт-насихат жұмыстарын және профилактикалық шараларды жалғастыру маңызды. Біз Нұр-Сұлтанға қайта ораламыз. Мен бұрынғы жұмысым - көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметімді жалғастырамын, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Оны 13 шілдеде Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберген.
Өзінің айтуынша, екі аптаның ішінде аймақтағы COVID-19 жағдайын түзетуге барынша тырысқан.
Айта кетейік, Байғабылов 2020 жылдың 31 наурызынан бастап көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс істейді. Бұған дейін Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін (Астананың бас санитарлық дәрігері) басқарды.
Атыраудың бас санитары екі апта істеп, қызметінен кетті
2020-07-28 17:00:40
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77256-atyraudy-bas-sanitary-ek-apta-step-yzmetnen-kett.html#talgar