Жемқорлықпен күрес органдары мамандандырылған ХҚКО-ны тексереді

2020-07-28 15:00:46
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметіне мониторинг жүргізбек, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Тексеруші органа мониторнг жұмысының барысында журналистердің де бақылауына мүмкіндік тудырып отыр. «Covid-19 пандемиясының таралуына байланысты ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсету egov.kz электрондық үкімет сайты және телеграм-бот арқылы алдын ала жазылу арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, азаматтардан онлайн режимінде кезек броньдау мүмкін еместігі және делдалдардың кезек сатуы туралы шағымдар келіп түсе бастады. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Агенттік басшылығы Нұр-сұлтан қаласының арнайы ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізеді»,-делінген хабарламада.

Бұл мониторингке ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің, ЦДИжАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, «ҰАТ» АҚ өкілдері де қатысады. Біздің каналымызға жазылыңыз: #Сыбайлас жемқорлықпен күрес #Қоғам #ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бөлісіңіз: Коронавирустан үйде емделу хаттамасына бес тегін дәрі .. Қазақстанда тағы 1500 адамнан коронавирус анықталды