ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты "Қайрақ" (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары Қазақстан Республикасының азаматы мінген "Вольво" маркалы көлікті шекаралық бақылаудан өткізу кезінде "алтын кенін" тапты деп хабарлайды BAQ.KZ. ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы салмағы шамамен 10 тонна. 12 көлемді қапқа салынған. Құжат бойынша жүк – 13 тоннаны құрайтын "кварцит" заты болып ресімделген.
Интернет-ресурстардың мәліметі бойынша 1 тонна алтын кенінен 1 келі таза алтын шығады.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сүйенсек, 1 грамм алтынның нарықтағы құны – 25 213 теңге. Қолдағы мәлімет бойынша мемлекеттік шығынның құны шамамен 250 000 000 теңгені құрайды.
250 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды
2020-07-28 13:00:47
Последние новости
28.07.2020
Работник погиб на руднике в ВКО
28.07.2020
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ
28.07.2020
Торговый центр горел в Петропавловске