Түркістан облысының кәсіпкері көпбалалы отбасыға төрт бөлмелі тұрғын үй тарту етті

Поделиться:
Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны Гүлмира Сейілбекованың бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған. Көп балалы ана жылдар бойы 5 баласымен пәтер жалдап келген. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 30 жылдығына орай, «Зекет» корпоративтік қоры арқылы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша мұқтаж отбасыға 4 бөлмелі үйдің кілті табыс етілді, деп хабарлайды облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Игі шараға «Асқар-Тау» шаруа қожалығының төрағасы, жеке кәсіпкер Асқар Оразханұлы демеушілік жасап отыр. Ел көлемінде бұл 244-і баспана сертификаты. Сейілбекова Гүлмира қайырымды жандарға алғысын білдіріп, тұрғын үйдің мектеп пен балабақшаға және спорттық алаңшаға жақын орналасқанына ерекше қуанышын жеткізді.

Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді мен ауыл округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, төбе биі және бірқатар ауыл қариялары көпбалалы ана шаңырағының қуанышына ортақтасып, шараға арнайы қатысты. Бәйдібек ауданында биыл осымен үшінші отбасыға демеушілер есебінен үй беріліп отыр.






Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также