Екібастұздың іргесіндегі Атығай ауылына жету – жергілікті тұрғындар үшін үлкен сынақ. Бұл жол тоқсаныншы жылдардың басынан бері мүлдем жөндеу көрмеген деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Қараусыз қалдық деген ауыл тұрғындары жергілікті биліктен үміт үзгендерін айтады.
Атығай ауылының тұрғыны Асан Шұғайыпұлы жол проблемасын айтып әкімдіктегі шенділердің бәріне кіргенін, көмек сұрағанын айтады. Алайда, оның арызын елеген жан баласы жоқ.
«Қараусыз, иесіз қалған ауыл. Қаланың шетінде тұрамыз дегенімізбен иен далада жалғыз қалғандаймыз. Қала 13 шақырым жерде. Екі күннің бірінде көлігіміз бұзылады, темірдің өзі шыдас бермей жатыр», - дейді ол.
Жергілікті билік мәселені жақсы біледі. Олар жолдың проблемасы шешілмей келе жатқанына қаржы қолбайлау деп ақталды. Биыл жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжатын жасапты. Алайда, 13 шақырымға 130 млн теңге қажет болған. Қомақты қаржы жергілікті қазынада жоқ. Сондықтан жол биыл да жөнделмейді деді.
«Ағымдағы жөндеу жұмыстарына шамамен 130 млн теңге қажет. Бірақ, олай жөндейтін болсақ тиімсіз болады, сонша ақша желге ұшқандай болады, одан көрі күрделі жөндеу жүргізген дұрыс. Қазір ол үшін қайта есептейміз, сметасын әзірлейміз. Келер жылы бастап кетеміз деп ойлаймын», - дейді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов.
Жергілікті атқамінер күрделі жөндеу жұмыстары қашан жасалатынын айта алмады. Атығай ауылында қазір 500-ге жуық халық бар. Елдімекен қаланың іргесінде тұрғандықтан тұрғындары негізінен қалаға қатынап жұмыс істейді. Ауылдың жан-жағы көмір кеніші мен зауыттарға толы. Сондықтан бұл жолмен ауыр көліктер де жүріп жүр. Тұрғындар ең болмағанда шұрық-тесік жолдарды жамап берсе де көрім болар еді дейді. Мұндай жеңіл-желпі жұмыстардың өзін шенділер келесі жылға қалдырып отыр.
Екібастұзда 30 жылдан бері жөндеу көрмеген жолға биыл да ақша бөлінбеді
2020-07-28 07:00:43
Последние новости
28.07.2020
Өткен тәулікте 1 526 адамнан індет анықталды
28.07.2020
Прогноз погоды на 28 июля
28.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ
28.07.2020
Гороскоп на 28 июля