Биылғы суға шомылу маусымында 159 адам қайтыс болды

2020-07-28 07:00:42
Осы жылдың басынан еліміздің су айдындарында 109 адам, оның ішінде 24 бала құтқарылды. Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусым) 87 адам, оның ішінде 16 бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖК баспасөз қызметіне сіллтеме жасап.

Мәселен, өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Ертіс өзенінде құтқарушылар 1991жылы туған ер адамды құтқарды. Сондай-ақ, Алтай ауданының Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар "Бипек Авто" АҚ Өрт сөндіру катерін тарта отырып "Голубой залив" демалыс базасына екі үрмелі қайықпен жүзіп, желдің салдарынан өз бетімен жағалауға қайтып келе алмаған 10 адам, оның ішінде 4 бала жеткізілді.

Сонымен қатар, адамдар өз күштерін жете бағаламай, өзінің бейқамдылығына байланысты суға шомылуға арналған жабдықталған орындарда суға батады. Әрбір адам суға шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс. Өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, суға батырылған бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін.

Жақын келе жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жүзу өте қауіпті, себебі жүзу құралдарының түбіне жақын жүзіп бара жатқан адамның суын созған жағдайлар орын алды.

Биылғы суға шомылу кезеңінде (осы жылдың 1 маусымынан 26 шілдесіне дейін) жалпы саны 159 адам (2019 жылы 204) қайтыс болған. Оның 47-сі – бала (2019 жылы 70 бала). Сондықтан да ата-аналар демалыс кезінде балаларының қауіпсіздігіне ерекше мән беруі керек.

 

Последние новости

28.07.2020
Өткен тәулікте 1 526 адамнан індет анықталды
28.07.2020
Прогноз погоды на 28 июля
28.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ
28.07.2020
Гороскоп на 28 июля
27.07.2020
Кто должен платить за лекарства от COVID-19? Горячий брифинг главы Фонда медстрахования
27.07.2020
Павлодардың жаңа әкімі тағайындалды
27.07.2020
Трое парней пострадали от огнестрельных ранений в ЗКО
27.07.2020
Вице-министр: 35 мың тонна азық-түлік тауарын жинап қойдық