Коронавирус: жағдайы ауыр науқастарды емдеуге 1,5 миллион теңгеден бөлінеді

Поделиться:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша қаржы бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"Коронавирустық инфекцияны диагностикалау, емдеу және оның асқынуына байланысты барлық шығынды медициналық ұйымға өтеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры науқастардың жағдайының деңгейін ескере отырып тарифтер әзірледі", - деді Төкежанов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, коронавирусты жеңіл өткізіп жатқандардың емделуіне 292,6 мың теңге, орташа деңгейдегі науқастарға - 446,1 мың теңге, жағдайы ауыр науқастарға 1,5 миллион теңге бөлінеді. Ал жағдайы өте нашар науқастардың емделуіне әрқайсына қор 1,7 миллион теңге бөледі.

"Жедел жәрдем көрсету тарифінің құрылымында жеке қорғаныш заттарына кететін шығыс орта есеппен 40 пайызға өсті. Науқастар үшін стационар деңгейінде және амбулаториялық деңгейде емдеу мен диагностика КВИ және пневмониясы барларға тегін көрсетіледі", - дейді Қор басшысы.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также