5 шілдеден бастап елордада карантин талаптарын сақтамағандарға 12,4 млн теңге айыппұл салынды

2020-07-27 07:00:46
Елордада карантин шараларын сақтамағандарға 12,4 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

«Қалалық департаменттің аумақтық басқармалары 5 шілдеден бастап жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қатаң шектеулі карантин шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 12 472 220 теңге болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы 50 хаттама жасады. Жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері Қазақстандағы және Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтамайды. Атап айтқанда, нысандардың жұмыс режимі сақталмайды, маска тақпайды, әлеуметтік қашықтық сақталмайды, қызметі уақытша тоқтатылған объектілер жұмыс істеп тұрған», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСҚБ департаментінің аумақтық басқармаларына пудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға қатысты 250-ден астам материал келіп түскен. Олар зерделеу және қарау сатысында.

«Кәсіпкерлер арасында да, қала тұрғындары арасында да карантинді бұзушыларға қарсы шаралар қолданылды, тек қатаң карантин шаралар коронавирустың таралуын тоқтатуға көмектесетінін айта кету керек», - делінген хабарламада.

 

Последние новости

27.07.2020
Өткен тәулікте 1402 адамнан коронавирус анықталған
27.07.2020
Прогноз погоды на 27 июля
27.07.2020
Гороскоп на 27 июля
26.07.2020
НА ДЕНЬ РАБОТНИКОВ ТОРГОВЛИ
26.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ
26.07.2020
Гороскоп на 26 июля
25.07.2020
Қай сөзіңе сенейін, Қытай көрші!?
25.07.2020
Шорнақтағы қақтығыс жайында жалған ақпарат таратқан 4 адам ұсталды