«Мына автокөлік менімен бірге келді. Полицей телефонды алып сөйлесіп жатыр, қазір оны өткізіп жібереді. Мен ресми такси қызметінде жұмыс істеймін, біз ТЖ кезінде де жұмыс істедік, блок-бекеттерден өттік. Ал, қазір карантин режимінде өте алмаймыз. Ал, мына адам бір телефон қоңырауынан кейін өтіп кетті», - дейді видео авторы.
Аталған ролик Instagram әлеуметтік желісіне жүктелген. Желі қолданушылары арасында Mitcshubishi Pajero көлігінің жүргізушісін ақтағандар да бар. Ал, облыстық Полиция департаменті болса автокөлік иесі мен полицияның әрекетін тексеріп жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, елдегі карантин режиміне байланысты Ақмола облысында 11 блок-бекет қойылды. Полицейлер Бурабай, Зеренді секілді курортты орындарға барар жолдарды жауып тастаған.