Бүгінде қоршаған ортаны қорғау мен оны ластаушыларға қарсы күрес - басты проблемалардың бірі. Бұл бағытта құзырлы органдар мен жауапты мекемелер жұмысты бастап кетті. Осы орайда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қандай шараларды қолға алды? Бұл жөнінде экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстанда қоқыс тастағандарға қатысты қай өңірлер жиі шағымданады Қазақстанда демалыс орындарының тазалығын бақылайтын рейд басталды Қазгидромет Қарғалы өзеніндегі көбікке қатысты түсініктеме берді Экология министрі Ақтөбедегі су қоймаларын аралады «Адамдарды қоршаған ортаны қорғау мен ластамауға шақырудың екі жолы бар. Ол - ең алдымен азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру. Атап айтқанда, табиғатты таза ұстау бағытындағы түсіндіру жұмыстары. Ол үшін біз арнайы бірнеше тармақтан тұратын жадынама әзірледік. Сол секілді бұл жұмысқа волонтерлерді тартамыз және бұл шара республика көлемінде жүзеге асырылады. Табиғат тазалығын сақтау мен адамдарды қоқыс тастамауға үйретудің екінші тәсілі - айыппұл салу. Бүгінде қоршаған ортаны ластағаны үшін салынатын айыппұлдың көлемін арттыруға қатысты тиісті шаралар қабылданып жатыр. Одан бөлек, бізде табиғат тазалығын қорғау мен сақтауға бағытталған түрлі экологиялық акциялар ұйымдастыру жоспары бар. Оған сәйкес халық ішінде әсіресе демалушылар арасында қоқыс қалдырмау керектігін ескертетін шаралар мен демалушыларға жағдай жасау бағытындағы жұмыс жүргізіледі. Одан бөлек, біздің министрлік экологиялық заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қолға алды. Ол дегеніміз - қоршаған ортаны қорғауға қатысты шараларды қатаңдатамыз деген сөз. Және бұл - Президенттің тікелей тапсырмасы», - дейді З. Жолдасов.
Комитет басшысының айтуынша, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жұмыстарына белгілі экологтармен қатар, қоғам белсенділері тартылады.
«Өздеріңіз білетіндей, қоқыспен күрес мақсатын көздеген республикалық рейд басталды. Оның барысында қоқыс мәселесін шешумен қатар, кінәлілерді жауапқа тартамыз. Қазір бізде Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 505-бабы бар, сол арқылы ішкі істер органдары абаттандыру бойынша жазалай алады. Ал Қылмыстық кодекстің 343-ші бабына сәйкес жеке тұлғаларға қоқыс қалдырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Яғни, азамат қоқыс тастаған немесе табиғатты ластаған жағдайда ол үшін ескертуден бастап 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді», - дейді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздегі демалыс орындары мен адамдар жиі баратын мекендердің тазалық жағдайын бақылайтын рейд жүріп жатыр .
Эко-мәдениет, айыппұл, эко-акция: Министрлік қоқыс проблемасын қалай шешпек
2020-07-25 09:00:45
Последние новости
25.07.2020
Ақтауда жол апатынан 3 жасар сәби көз жұмды
25.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ
25.07.2020
Прогноз погоды на 25 июля