Қазақстанда CovidControlKzBot атты жаңа Telegram-бот іске қосылды, оның көмегімен пайдаланушылар COVID-19 бойынша қоғамдық бақылау тобына хабарлама жібере алады. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы сервистің көмегімен қоғам белсенділері санитарлық нормалар мен карантин шараларының бұзылуы туралы хабарламалар, медициналық мекемелердің жұмысына шағымдар және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар алады.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық бақылау тобы - азаматтық бастама, оның мақсаты - дәрігерлердің жұмыс жағдайына мониторинг жасау және медициналық мекемелерде пациенттерді емдеу, гуманитарлық көмекті бөлуге мониторинг жасау, пандемия жағдайында әлеуметтік және медициналық көмек алуда азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылау.
Қоғамдық бақылау Қазақстанның барлық облыстарында іске қосылып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауына ие болды.
Коронавирус бойынша қоғамдық бақылау тобы Telegram-ботты іске қосты
2020-07-23 11:00:42
Последние новости
23.07.2020
Каспий теңізі, Бурабай мен Алакөл – Қазақстандағы туристік аймақтарда демалыс құны қанша?
23.07.2020
Вспышка бешенства наблюдается в ВКО