Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысындағы су тапшылығы мәселесін көтерді. Бұған дейін ол осы мәселені қаузаған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеше Жаңақорған және Шиелі аудандарында болып, күріш алқаптарына жетпей жатқан су тапшылығына байланысты бірнеше егіс алқабында диханшылармен кездесулер өткіздік. Кездесуге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б. Жақанов, аудан әкімдері және облыстық су шаруашылық мамандары қатысты. Сырдария өзеніндегі судың азайып кетуіне байланысты қазірдің өзінде бірнеше жүздеген гектар күріш алқабы сусыз қалды. Бүгінгі күні Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне секундына 520 куб су түсуде. Жолай судың булануы мен Түркістан облысының егіншілігіне пайдалануы бар Жаңақорған ауданына секундына 460 куб су келеді екен. Сәйкесінше, бұл дария деңгейінің түсіп кетуіне әкеп соқтырып, салдарынан егіс алқаптарына баратын каналдарға су аз барады. Кезінде Жаңақорған ауданының тұсында өзен суын көтеретін құны бір млрд теңгеден асатын қаржыға тоспа салынған болатын, - деді Бақтиярұлы.
Сенатор айтқандай, ол сапасыз салынғандықтан небәрі үш жыл ғана істеп, қазір жұмыс істемей тұр.
Өкінішке қарай, оған ешкім жауап бермейді. Тиісті құқық қорғау органдарының назарына. Шиелі ауданында да судан қалған егіс алқаптары бар. Облыстық су шаруашылығы басшысының мәліметінше, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарындағы егіс алқаптарына су жетпеу тапшылықтары қатты сезілуде екен. Мамандармен, диханшылармен пікір алысу барысында қалған егіс алқаптарын аман алып қалу үшін Шардарадан төмен түсіп жатқан су деңгейін 7 тамызға дейін секундына 520 кубтан түсірмеу керек. Сонда ғана негізгі күріш алқаптарын пісіру деңгейіне жеткізе аламыз. Ала жаздай маңдай тері сорғалап еңбек еткен сыр диханшыларының жанайқайын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен оның орынбасарларына телефон арқылы жеткіздік. Қалыптасқан жағдайды сараптап, мүмкіндік болғанша су деңгейін тамыз айының 5-не дейін ұстап тұрудың жолын қарастыруға және бұл мәселе жеке бақылауда болатындығына уәде берді. Сенейік, диханшылар қауымы да үлкен сенім артады. Жалпы келешекте су тапшылығы бола беретіндігі анық екені рас, - деді ол.
Мұрат Бақтиярұлы сондықтан да суды аса көп қажет ететін күріш дақылын да әртараптандырудың жолын қарастыру керегін айтты.
Бұл күріш екпеу деген сөз емес. Мамандардың айтуынша, биыл облыс 90 мың га күріш еккен. Осынша жер көлемін үш ай бойы сумен қамтамасыз етіп тұру су тапшылығы жағдайында мүмкін емес. Сондықтан да барлық агротехникалық талапты мүлтіксіз сақтайтын, егіс алқаптары қазіргі инженерлік жүйеге келтірілген, техникалық базалары өте жақсы, үнемі жоғары өнім алатын шаруашылықтар айналысса. Екіншіден, су тарифтері өте төмен. Бір куб судың бағасы 28 тиын ғана. Мысалы, 1 га жерге егілген күріш піскенге дейін 24 мың куб суды кажет етеді екен. Оны қаржыға шақсақ - 6720 теңге, оның жартысын мемлекет субсидия ретінде төлеп береді. Жыл сайын күрішті суландыруға үш млд кубқа жуық су пайдаланамыз, сол судың құны 700 миллиондай ақша ғана. Бір кг қара күріштің өзіндік құны 80 теңге болса, соның ішінде судың құны 2 теңгені құрайды. Бұл - парадокс! Су - стратегиялық тауар. Сондықтан Үкімет су тарифына қатысты ұстанымын өзгертуі керек. Жаңақорған, Шиелі, Қазалы аудандарында суды аз қажет ететін бау-бақша: жоңышқа, рапс, күздік бидай, жүгері, қауын-қарбыз т.б. дақылдарды көптеп егу керек, - дейді ол.
Депутат айтқандай, дихандарды тартып, қызықтыру үшін осы дақылдарға катысты субсидияны кайта қарау керек.
Жалпы бізге су негізінен кіші Арал теңізі үшін барынша қажет. Қазір оған су бармай жатқандықтан, теніздің деңгейі төмен түсіп кету қаупі бар. Қамбаш көлі қазір жағалаудан 150 метрге дейін алыстап кетті. Сондықтан да барлық тіршілігі тек Сырдария суына ғана тәуелді Қызылорда облысы үшін суды аз пайдаланатын дақылдар егіп, өнім алушыларға катысты арнайы бағдарлама қабылдау қажет, - деді ол.
Депутат Қызылордадағы су тапшылығы мәселесін көтерді
2020-07-23 09:00:44
Источник:
http://www.matritca.kz/news/76948-deputat-yzylordaday-su-tapshylyy-mselesn-kterd.html#talgar
Последние новости
23.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ
23.07.2020
Как будут ослаблять карантин в Казахстане