42 500 теңге төлемін 1,4 млн-нан астам қазақстандық алды

2020-07-23 09:00:44
23 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 912 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 536 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 432 мың қазақстандыққа аударылды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 912 мың өтінімнің ішінде:

797,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

467,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

192,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

453,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Санаттар бойынша:

797,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

118,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

995,7 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 1 млн 536 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 432 мың қазақстандыққа аударылды.

16 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда.

18 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталы; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтінім бере алады.

Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға басқа арналар арқылы өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап автоматты түрде өтінім беру болып табылады.

17 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерден; жеке практикамен айналысатын адамдардан; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардан өтінімдер қабылданады.

Ақысыз демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді тек жұмыс беруші ғана беретіндігін атап өту қажет. Жұмыс берушілерден (заңды және жеке тұлғалардан) өтініштер 19 шілдеден бастап қабылданады.