ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысында мемлекеттік органдардың коронавируспен күресуде атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды, деп хабарланды primeminister.kz сайтында.
Денсаулық сақтау министрлігі екі апта ішінде жедел шараларды қабылдау арқасында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізгенін мәлімдеді:
COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,3-ке дейін төмендеді;
сауығып кеткендердің саны 60%-ға артты;
жедел жәрдемді шақырулар саны 31%-ға, оның ішінде COVID бойынша шақырулар 19%-ға қысқарды;
реанимациялық төсек-орын саны 12%-ға, стационарлардағы төсек-орын 81%-дан 56%-ға дейін төмендеді.
Сонымен қатар, жедел штаб Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерінің жұмысы жеткіліксіз екенін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-бен күрес бойынша өңірлер рейтингісінде осы облыстарда ең төмен көрсеткіштер тіркелген.
Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Солтүстік Қазақстан әкімдігіне қолданыстағы төсек-орын қорының жүктемесін азайту бойынша жедел шараларды қабылдауды тапсырды.
Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап 4,3 мың карантинді бұзудың анықталғанын баяндады. Бұл ретте Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында оларды анықтау бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді.
Жедел штаб азаматтардың санитарлық және бетперде режимін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Біз өмірдің әр адам үшін қымбат екендігіне және қайталанбайтындығына баса назар аудара отырып, қоғамның сана-сезімі мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізде әлі күнге дейін "маска көмектеспейді, кимесе де болады, пайдасы жоқ” деп ойлайтындар бар. Адамдар әлі күнге дейін фактілерді емес, өздерінің жаңсақ пікірлерін ғана басшылыққа алады. Вируспен күрес барлық қазақстандықты "ортақ мақсат сезімімен" біріктіруі тиіс, ал карантин режимін бұзғандарды қоғам өзі айыптауы керек. Осы жұмысты ұйымдастыру мемлекеттік органдардың міндеттерінің бірі, - деп атап өтті Тоғжанов.
Қорытындылай келе, Ералы Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді, өңірлерде карантин режимін бұзуларға қатысты күнделікті рейдтер жүргізуді және бірқатар басқа да шұғыл тапсырманы жүктеді.
Тоғжанов: Бізде әлі күнге дейін "маска кимесе де болады, пайдасы жоқ” деп ойлайтындар бар
2020-07-23 07:00:43
Последние новости
23.07.2020
23 шілде күніне ауа райы болжамы
23.07.2020
Прогноз погоды на 23 июля
23.07.2020
Гороскоп на 23 июля
22.07.2020
Какие катастрофы могут ждать нас в будущем