Ұлттық қор мен Зейнетақы қоры активтері Қытай компанияларының құнды қағаздарына салынған

2020-07-22 13:00:52
Қазақстанның Ұлттық қоры қытайлық компаниялардың құнды қағаздарына $700 млн инвестиция салған. Бұл туралы kursiv.kz сайты хабарлады.

30 маусымдағы Ұлттық банктің ақпаратына сәйкес, Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтері Қытай юанындағы облигацияларға емес, тек еуро мен долларға инвестицияланған.

«Қордың қаржысы мемлекеттік облигацияларға, Қытайдың квазимемлекеттік секторына, сонымен бірге қытайлық эмитенттердің корпоративтік облигацияларына инвестицияланды. Барлық құнды қағаздар доллар мен еурода есептелген. Ұлттық қордың жалпы салған ақшасы шамамен, $700 млн-ды құрайды. Сонымен бірге БЖЗҚ-ның зейнетақы портфелінде де Қытайдың квазимемлекеттік секторының эмитенттеріне салынған $250 мың бар», - деп хабарлаған бақылаушы орган.

Ұлттық банк сонымен бірге қазіргі уақытта Қытай компанияларындағы құнды қағаздар үлесін азайту жоспарда жоқ екенін де айтқан.

«Әлемдегі экономикасы ең ірі елдердің бірі – Қытайдың құнды қағаздарына салынған ақша ұзақмерзімді перспективада стратегиялық пайданы көздейді. Дамушы елдер мемлекеттік облигацияларының мандаты аясында Ұлттық қордың жиынтық портфелінен 1% ақшаны қытай юанындағы құнды қағаздарға салу жоспарланып отыр», - деген Ұлттық банк.

Ведомствоның жазуынша, 2020 жылдың 6 айында Зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табысы 565,7 млрд теңгені құрады. Коронавирус пандемиясы шарықтау шегінен өткеннен кейін акциялар мен облигациялар нарығы қалыпқа келіп, алтын қымбаттаған. Осының арқасында маусым айында ұйымның портфеліндегі инвестициялық табыс өсіп, $690 млн құрады.