Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов СК «Фармацияның» журыда тағайындалған жаңа басшысымен бірге дәрі-дәрмектер сақталатын қоймаларды аралап көрді. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпарат қызметі хабарлайды.
Дереккөзінің мәліметіне сүйенсек, таяуда еліміздің барлық өңіріндегі емдеу мекемелері дәрі-дәрмекпен толық қамтылады. Қазір өңірлерде бір айға жететін препараттар қоры бар. Ол дәрілер бүгіннен бастап ауыл аймаққа таратылады. Тағы үш айға қосымша қор жинауға қаржы бөлініп қойған. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов препараттар сақталатын қоймаға барып, жағдайды өз көзімен көргенін хабарлайды «Ақпарат».
Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов СК «Фармацияның» жаңа басшысына шеттен дәрі кіргізуде кедергі болмау керек деген тапсырма берген.
«Әрбір ауылға дейін жету керек.СК «Фармациядан» шығатын бүкіл дәрі ауруханаларға жету керек. Ауруханалардың ішінде қоғамдық бақылау болуы керек. Ауруханаға жеткен дәрінің бәрі науқастарға жетуі керек. Соны сіз қадалағалуыңы керек», - деді Тоғжанов.
Вице-премьер коронавирус пен пневмонияны емдеуге пайдаланылатын және тізімдегі негізгі 21 дәрімег қамтамасыз етуде мәселе туындамау қажет деді. Дәріханаларға препарат жеткізетін жеті компанияға мемлекет жан жақты қолдау көрсетеді. Дәрі-дәрмек жеткізу үшін ұшақтар беріліп, олардың елге кіруі үшін бұрынғыдай апталап құжат жиналмайтын болды.
Әрбір ауылға дәрі жеткізу СК «Фармацияның» міндеті – Ералы Тоғжанов
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}