Батыс Қазақстан облысында найзағай салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Алдымен дала өртенген. Кейін қызыл жалын Ақжайық ауданы Коловертное ауылын шарпыған. Екі үй мен бірнеше ауыл шаруашылығы нысаны өртеніп кеткен.
Облыстық төтенше жағдай департаменті мәліметінше, Ақжайық ауданында өрт 13 шілдеде басталыпты. Алдымен орман мен даладағы шөп өртенген. Ауданда өрттің бірнеше ошағы тіркелді. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін оқиға орнына Атыраудан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-884 тікұшағы мен арнайы құрал жіберілді. Жағдайды 40 градустық ыстық пен жел ушықтырған.
"Шағатай және Ақсоғым ауылдарының маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенді. 16.00-де қатты желдің салдарынан өрт Орал өзені арқылы Коловертное ауылына тарады. Мұнда өзеннің ені шамамен 100 метр.
Алдын ала болжам бойынша, 5 гектар жер өртенген. Сондай-ақ, екі үй мен 4 ауыл шаруашылығы нысаны өртеніп кетті. Екі үйдің біреуінде ғана адамдар тұрған. 42 тұрғын, 15 ірі қара мал, 25 ұсақ мал және 30 құс қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген БҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өртті сөндіруге 93 адам мен 11 техника жұмылдырылды. Олар әлі күнге дейін өртті сөндіріп жатыр.
Сондай-ақ, округте келген зиянның мөлшерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылады.
"Менің 30 жыл тұрған үйім қирады. Өрт Жайық өзенінің арғы бетіне тарап кетті. Онда орман өртенді. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына көмек көрсетіліп жатыр", - дейді Коловертное ауылының тұрғыны Василий Соболев.
БҚО-да найзағайдан бүтін бір ауыл өртеніп кете жаздады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
15.07.2020
Посмертно наградили заведующего отделением хирургии в Нур-Султане
15.07.2020
Білім грантына құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды
15.07.2020
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты әскерлердің жауынгерлік дайындық форматы өзгерді
15.07.2020