Комиссия елдегі өлім-жітімді санап үлгермей жатыр - ДСМ

Поделиться:
Өткен аптадан бастап еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан болған өлім-жітім фактілерін бұрынғыдай күнде емес, аптасына бір рет айтамыз деген шешімге келді. Бүгін журналистердің сұрағына жауап берген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұндай форматқа ауысудың себебін түсіндірді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Комиссия ақпаратты өңдеп үлгере алмай жатыр. Бұрын күніне 1-2 адам өлген кезде, комиссия үлгеретін, ал, қазір мұндай жағдай көбейді. Адам коронавирустан өлді ме, әлде, созылмалы ауруынан өлді ме, оны комиссия анықтайды. Осы комиссиядағы көптеген әріптестеріміз вирус жұқтырып алды. Тиісінше, ақпарат алу жеделдігі де азайды. Сондықтан, қосымша жұмыс күшін тартамыз», - дейді Цой.

Айта кетейік, өткен аптада, 30 маусым мен 6 шілде аралағында елде 76 адам коронавирустан көз жұмды. Комиссия бұдан бөлек, әлі 110 адамның өлімін тексеріп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также