Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің қазіргі жағдайы туралы айтты. Баспасөз хатшысының сөзінше, Н. Назарбаев дәрігерлердің барлық нұсқауын орындап келеді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Қазірге дейін БАҚ өкілдерінен Елбасының денсаулығына қатысты көптеген сауал келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезініп және дәрігерлердің нұсқауын толық орындап отырғанын айтқым келеді», - деп жазды А. Үкібай өзінің Twitter-парақшасында.
Ол сондай-ақ, Елбасының Жеңіс парадын теледидар арқылы тамашалағанын айтты.
«Өкінішке қарай, Тұңғыш Президент Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатыса алмады. Алайда, Елбасы Жеңіс парадын теледидардан тікелей эфирде көрді», - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Елбасының коронавирус жұқтырып алғаны хабарланған болатын.
«Елбасының жағдайы жақсы, Жеңіс парадын теледидардан көрді» – Айдос Үкібай
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
24.06.2020
Шымкентте 400-ге жуық медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
24.06.2020
Зорлық-зомбылық байқалған отбасына 10 күнге дейін бірге тұруға тыйым салынады
24.06.2020
Борьба с домашним насилием касается каждого из нас – А.Балаева
24.06.2020