Қазақстанда отбасында жанжал шығарғандар баспанадан уақытша шығарылады және психокоррекциялық бағдарламадан өтуге міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Парламентте депутаттар корпусы ұсынған Отбасылық-тұрмыстық зорлыққа қарсы іс-қимыл заң жобасы талқыланып жатыр. Талқылау барысында оның атауы «Тұрмыстық қарым-қатынастағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» деп өзгертілді. Талқылау жұмыстары өте белсенді жүріп жатыр, оған осы саладағы ең белсенді қоғамдық бірлестік өкілдері шақырылған», - деді А. Нұркина ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өткізген онлайн жиналыста.
Оның айтуынша, бұл бастаманы депутаттар ұсынып отыр.
«Депутаттар зорлық-зомбылық фактісі болып, адам өміріне қауіп төнген жағдайда отбасылық агрессор мен жәбірленушінің 10 күнге дейін бір баспанада тұруына тыйым салу бастамасын қолдады. Сот қарым-қатынасы орнаған жағдайда, құқық бұзушы психокоррекциялық бағдарламадан өтуге міндеттеледі. Қажет болған жағдайда өзге баспанасы бар-жоғына қарамастан ортақ баспанадан уақытша шығуға да мәжбүр болады», - деді депутат. Қазіргі уақытта түзетулер мен өзгерістердің алғашқы бөлігі Үкіметке жіберілген. Осы аптада өзгерістердің тағы бір бөлігі жолданады.
Зорлық-зомбылық байқалған отбасына 10 күнге дейін бірге тұруға тыйым салынады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
24.06.2020
Борьба с домашним насилием касается каждого из нас – А.Балаева
24.06.2020
Убийство, угон и ДТП совершил за час парень в Алматинской области
24.06.2020
Семейных дебоширов будут временно выселять из домов в Казахстане
24.06.2020