Әлеуметтік желілерде жол ережесін өрескел бұзып, көлік терезесінен басын шығарып, кортеж ұйымдастырғандардың видеосы тарады. Анықталғандай, бұл оқиға Жаңаөзен жолдарының бірінде болған. Мектеп бітіруші түлектер арнайы кортеж ұйымдастырып, тәртіп бұзған, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Жаңаөзендегі кортежге байланысты түсінік берді. Айтуларынша, кінәлілер жауапқа тартылған.
«Жаңаөзен жолында қауіпсіздікті сақтамай көлік айдаған жүргізушілер жауапқа тартылды. Бұл жағдайға 16 автокөлік жүргізушісі қатысқан. Жастары 18 бен 25 арасы. Барлық автокөлік айып тұрағына жіберілді. Жүргізушілерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлімі (жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау) бойынша және ӘқБТ 612-бабының 1-бөлісмі бойынша (өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына арналған уақытша куәлiгi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) хаттама толтырылды», - деп жауап берді.
Жаңаөзенде мектеп бітіруші түлектердің кортежіне қатысқан жүргізушілер жауапқа тартылды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
04.06.2020
За мошенничество осудили чиновника в Павлодарской области
04.06.2020
42 500 теңге: Қазақстанда бір айда 1 млн-ға жуық жаңа зейнетақы шоты ашылған
04.06.2020
В стране усилят контроль за соблюдением санитарно-эпидемиологических мер
04.06.2020