Тоқаев коронавирустан қайтыс болған кісінің туыстарына көңіл айтты

2020-03-27 05:00:39
Тоқаев коронавирустан қайтыс болған кісінің туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирустан қайтыс болған кісінің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ

Тоқаев бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды
64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны Бәріміз Бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз, – деп жазды мемлекет басшысы.
Просмотров материала: 53