Қазақстанда ипотекасы барлар төлем мерзімін үш айға шегере алады

2020-03-24 09:00:40
Қазақстанда ипотекасы барлар төлем мерзімін үш айға шегере алады
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ҚР Президентінің тапсырмасын орындай отырып, елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты ел азаматтарына көмектеседі. Атап айтқанда, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) Қазақстанда төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде мемлекеттік және меншікті бағдарламалар шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың 23 наурызында Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары барлық төлемдер бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объ-ектілерін сатып алу құқығымен жалдау/сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) бар-лық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақы есептемей, алдағы 3 айға (сәуір-маусым) төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Кейінге қалдыруды мемлекеттік операторлар қашықтықтан байланыс арналары (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы өтініш берушінің жүгінуі арқылы жеке тәртіппен қарайтын болады.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: 300

Қазақстандық Ипотекалық компания: +7 800 080 44 48

Бәйтерек девелопмент: +7 7172 79 65 60, +7 800 080 01 01

Просмотров материала: 0

 

Последние новости

24.03.2020
Дәрігер COVID-19 ағзаны қалай "алдайтынын" айтты
24.03.2020
#АуылФутбол: Заработай 10 000 за несколько минут
24.03.2020
#АуылФутбол: 10 000 теңге ұтып ал!
24.03.2020
Коронавирус жұқтырғандар саны 67 адамға жетті 
24.03.2020
Еліміздің басым бөлігінде жел екпіні күшейеді
24.03.2020
ЦИТАТА ДНЯ
24.03.2020
Гороскоп на 24 марта
23.03.2020
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ