#АуылФутбол: 10 000 теңге ұтып ал!

2020-03-24 09:00:40
Матрица.kz допты (жерге түсірмей, қақпақылдап) тебуден балалар турнирін өткізеді. Сайыс карантин аяқталғанға дейін өтеді, әр аптаның жеңімпазы 10 000 теңгеге ие болады. Сайысқа 10 жасқа дейінгі Қазақстанның барлық аймағында, оның ішінде ауыл, село, аудан орталығында тұратын кез-келген бала қатыса алады. Қаланың балалары қатыса алмайды!


"Қазір балалар демалыста үйде отыр, жаттығу жасай алмаймыз. Бірақ оған тоқтап қалған біз жоқ, себебі футбол дегеніміз тек қана стадион емес қой?! Футбол - добы бар кез-келген баланың арманы. Сол себепті, біріншіден балалардың бос уақыты босқа өтпесін деп, екіншіден ала допқа деген қызығушылығын арттыру үшін кішкене сыйақы тағайындап отырмыз. Демеушіміз бар, бірақ ол есімін айтпауын сұрады. Және үшіншіден, кім біледі, осы сайыс ойын сияқты көрінгенімен талантты балалар көзге түсіп үлкен футболға келетін мүмкіндігі болар. Сондықтан сайысқа қатысу қай жағынан алсаң да пайдалы. Карантинді диванда жататын кез емес, мүмкіндіктер уақыты деп қарау керек", - дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

Қатысу үшін әр бала өз видеосын түсіріп 8-708 696 1624 Whats App нөміріне жіберу керек, немесе Инстаграм желісіне #Ауылфутбол хэштегімен салу керек.

Әр қатысушы апта сайын тек бір видео жібере (немесе сала) алады.

Сайыс ережесі бойынша қатысушы допты аяғымен, басымен немесе денесімен қақпақылдап, жерге түсірмей ұзақ ұстауы тиіс. Қолмен ұстауға болмайды. Бұл жерде (уақыт емес) әр тепкені саналады және ең көп тепкен бала жеңімпаз атанады.

Бейнематериалдың қасына қатысушының аты-жөні, жасы, мектебі, тұрғылықты мекен-жайы жайлы толық ақпарат болуы тиіс. Барлық жіберілген видео #Ауылфутбол жобасының парақшасына жарияланатын болады.


Барлық сұрақтың жауабын 708 696 1624 Whats App нөмері арқылы алуға болады.

P.S. Ақпаратпен әлеуметтік желіде, мессенжерде бөліскен адамға зор алғысымызды білдіреміз.
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

24.03.2020
Коронавирус жұқтырғандар саны 67 адамға жетті 
24.03.2020
Еліміздің басым бөлігінде жел екпіні күшейеді
24.03.2020
ЦИТАТА ДНЯ
24.03.2020
Гороскоп на 24 марта
23.03.2020
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ
23.03.2020
С 6 апреля казахстанские школьники будут учиться дистанционно
23.03.2020
"Карту коронавируса" на Egov прокомментировал Даурен Абаев
23.03.2020
60 казахстанцев решили остаться за рубежом