Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 1 адам тіркелді

2020-03-19 07:00:45
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 1 адам тіркелді
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 19 наурыз сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша –18 адам, жалпы 37 науқас тіркелді, – делінген хабарламада.

Коронавирус жұқтырған - 1979 жылғы Ресей азаматы. Алматыға 15 наурызда Мәскеуден келген. Қазір ол стационарда, жағдайы қанағаттанарлық, – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Просмотров материала: 0