Самат Нұртаза: Назарбаев – әлемде бейбітшілікті сақтай білген тұлға

2020-03-18 17:00:37
Самат Нұртаза: Назарбаев – әлемде бейбітшілікті сақтай білген тұлға
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ еліне ғана емес, адамзат баласының бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне сіңірген еңбегі орасан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 наурыз Ұлт көшбасшысының Мемлекет басшылығынан өз ықтиярымен кетіп, кейінгі буынға сенім білдіргеніне бір жыл толады. Осы реттер жас саясаттанушы, блогер Самат Нұртазаның Елбасы еңбегіне қатысты ойын білген едік.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы бұрынғы КСРО мемлекеттері арасындағы ең ұзақ отырған адам. Сонымен қатар сол мерзімде бейбітшілікті сақтаған адам. Ұлтаралық қақтығыстар болмады. Көршілермен қарым-қатынас жақсы болды. Шекара берік болды. Бастысы мемлекетте тұрақтылық сақталды. Өз ойым негізгі басымдылық деп осы тұрақтылықты айтар едім – дейді саясаттанушы.

Оның ойынша, Елбасы жастардың жұмыс істеп, тәжірибе жинауына мол мүмкіндік жасады.

Басшылыққа жастардың келуі, жастар жылының, еріктілер жылының болуыда Елбасының сарабдал саясатының жемісі деп білемін. Бауыржан Байбек бастаған, Айдос Үкібай, Ерлан Қарин қостаған кейінгі буын біздің болашағымыз. Бұл басқа мемлекеттегідей революция арқылы, дүрбелең арқылы, қан төгіс арқылы емес, бейбіт жолмен, халыққа ауыр тимейтіндей билік пен саясат ауысып жатыр. Ең бастысы ел тыныш, бейбіт өмір – дейді Самат Нұртаза.

Нұрсұлтан Назарбаевтың билікті бейбіт жолмен ауыстыруының өзі оның салиқалы саясаткер екенін танытады.

Елбасының биліктен бейбіт түрде кетуі, оның өзгенің тарихынан сабақ ала білетінін, тарихы өте жақсы білетін адам екенін көрсетеді. Муаммар Каддафи, Хосни Мубарак, Саддам Хусейн сынды адамдардың тағдырын көріп отыр. Солардан сабақ алып отыр. Қадірі кетпей тұрып билік басынан кету деген әр адамның қолынан келе бермейтін нәрсе. Сондықтанда уақытында кету, халықтың қалауын сезу саясаткердің майталманы, қаһарманы ғана жүзеге асыра алады. Сол үшін уақытында кетті деп есептеймін. Ерте де емес, кеш те емес. Cебебі ерте кетсе көп шаруа жүзеге аспас еді, кеш болса «тым кеш» болар еді деп ойлаймын – дейді жас саясаттануші.

Оның ойынша, "Елбасы биліктен кетсе де, өз орнын жоғалтпаған адам".

Ол президенттіктен кетсе де Ташкентке шақырды, Әзербайжанға шақырды, демек Шавкат Мирзиеев болсын, Ильхам Алиев болсын, Владимир Путин болсын қолда өскен баласы сияқты Елбасыдан кеңес сұрайды. Бұл дегеніміз Елбасының көршілермен берік қарым-қатынасының нәтижесі. Орта Азия, Түркі мемлекеттері көптеген мәселелерде Елбасыдан ақыл сұрайтыны біріншіден ол кісінің тәжірибесінен үлгі алатындығында. Бір елді 30 жыл басқарып, көптеген ұлт өкілдерін бір тудың астында бейбіт басқарудыңда берері мол. Нұрсұлтан Әбішұлын Түркі дүниесінің ғана емес, күллі Евразияның ақсақалы деуге болады. Осы себепті сол елдердің басшылары әлі күнге дейін Елбасымызбен тығыз байланыста дер едім – дейді Самат Нұртаза.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура бір жыл бұрын Қазқстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы Үндеу жариялап, президенттіктен кететіні туралы мәлімдеген болатын.

Просмотров материала: 0