Алматылық екі жасар қыздың анасынан да коронавирус анықталды

2020-03-18 13:00:38
Алматылық екі жасар қыздың анасынан да коронавирус анықталды
Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың анасы да вирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

Оның айтуынша, 18 наурызда Алматыда 17 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 14 науқас жатыр, ал балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екі бала мен бірінің анасы жатыр.

"Екі жасар қыз анасымен жатыр. Анасынан да коронавирус анықталды. Екеуінің жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы жоқ, вирустың белгілері байқалмайды. Олармен байланыста болған адамдар 14 күндік карантинге жатқызылды", - деді ол.
Просмотров материала: 0