Алматыдағы бақылау бекеттеріне дәрігерлер де қойылады

2020-03-18 09:00:51
Алматыдағы бақылау бекеттеріне дәрігерлер де қойылады
Алматыда әр тосқауыл бекеттерінде санитарлық дәрігер бар, олар ары-бері өткен адамдардың температурасын тексереді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы аумағында санитарлық қызметтің мамандары бақылау-өткізу пункттерінің жұмысына қатысады. Олар барлық бақылау-өткізу пункттерінде жұмыс істейді. Олардың міндеті - науқасты немесе коронавирустық инфекцияға күдіктіні дер кезінде анықтау, оқшаулау. Өз жұмысына тепловизор қолданады. Олардың саны жеткілікті болады, - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова.

Ол ыстығы көтерілген жүргінші немесе жолаушыларды "тұрғылықты жері" бойынша тағайындалған орынға жіберілетінін айтты. Анықталған адамдар туралы ақпарат алдын-алу шараларын орындау және олармен байланыстағы адамдарға медициналық бақылауды ұйымдастыру үшін тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің аумақтық бөліміне жіберіледі.
Просмотров материала: 0