Коронавирус жұқтырғандар Алматыдағы ауруханаға түскендер - министр

2020-03-13 13:00:38
Коронавирус жұқтырғандар Алматыдағы ауруханаға түскендер - министр
Орталық коммуникациялар қызметінде коронавирустық инфекцияның қазіргі жағдайына арналған баспасөз конференциясы өтіп, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде коронавирус анықталғанын айтты. Олар Алматыдағы ауруханаға түскен азаматтар екені белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл азаматтар Германиядан келген соң Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланған, - деді министр.
Біртанов әрі қарайғы іс-шаралар нақты белгіленген алгоритмге сәйкес орындалатынын түсіндірді.

Қазір олармен байланыста болғандар зерттеліп, тексеріледі. Қажет болған жағдайда шектеу шаралары қолданылады, - деді ол.
Просмотров материала: 0