Мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдағы әйелдердің үлесі 40% - агенттік

2020-03-04 15:00:42
Мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдағы әйелдердің үлесі 40% - агенттік
Республика бойынша мемлекеттік қызметте 50 мыңға жуық әйел еңбек етіп жүр.

Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілев мемлекеттік қызметтегі гендерлік теңдіктің сақталуы туралы әңгімеледі. Әбілевтің айтуынша, мемлекеттік қызметте басқарушы лауазымдарда 9,5 мыңнан астам әйел қызмет етеді. Бұл көрсеткіш жалпы басшылық құрамның 40%-ын құрайды.

Министрлердің орынбасарлары – 14,3%;
Өңір әкімдерінің орынбасарлары – 7,1%;
Орталық мемлекеттік органдарда комитет төрағаларының орынбасарлары мен департамент директорлары – 29,2%;
Орталық мемлекеттік органдардың аумақтың бөлімшелерінің басшылары – 12,8%;
Облыстық басқарма басшылары – 15,3%;
Қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары – 15,1%.

Мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдағы әйелдердің үлесі 40% - агенттік

2019 жылы жүргізілген конкурстарға 52 144 адам қатысқан, оның ішінде мемлекеттік қызметке кіруге үміткерлердің 24 028-ы әйелдер. Конкурс нәтижесінде тағайындалған әйелдердің үлесі – 46,2% (22 мыңнан адамның 10 мыңнан астамы әйелдер).

Республика бойынша мемлекеттік қызметте 50 мыңға жуық әйел еңбек етіп жүр. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 55%-ы және Италия, Бельгия немесе Испания сияқты ЭЫДҰ-ға мүше елдердегі көрсеткіштен жоғары.
Просмотров материала: 0