Немерлеріне киім-кешек, кілем және шұлық: Дариға Назарбаеваның сенаттағы «шопингі»

2020-03-04 15:00:42
Немерлеріне киім-кешек, кілем және шұлық: Дариға Назарбаеваның сенаттағы «шопингі»
Нұр-Сұлтанда үш күннен бері Сенат ғимаратында отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Онда жеңіл өнеркәсіппен айналысатын 23 компания өз өнімдерін таныстырды. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жәрмеңкені аралап, Қазақстанда жасалған тауарларды өз көзімен көрді. Ол үй ішіне базарлық та сатып алған. Сенаттың баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Аzattyq-ruhy тілшісіне жоғарғы палата төрағасының қандай «шопинг» жасағанын айтып берді.

«Мәселен, «Azala Textile» брендінен қол сүреттін орамал, қарағандылық және шымкенттік тауар өндірушілерден балалар мен ерлер шұлығын сатып алды. Сондай-ақ, Дариға Назарбаева немерелеріне киім-кешек алды. Қазақстандық тауар өндірушілерден бірнеше кілем мен көрпе-жастық, оюлы төсек жапқыш жиынтығын алды», - деді ол.

Бұдан бөлек, Сенат төрағасы отандық тауар өндірушіге бірнеше костюмге тапсырыс берген.

«Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Жоғарғы палатада ұйымдастырған жәрмеңкеге мәжіліс депутаттарын да шақырды. Олар да қазақстандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп, сауда жасады», - деді Э.Жүргенбаева.

Айта кетейік, жәрмеңке «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: қазіргі жай-күйі және өнімділігі жоғары бизнестің даму болашағы» тақырыбында Парламенттік тыңдау аясында ұйымдастырылды.