Әзімбай Ғали: Үмітсіз қазақ қазақ емес

2020-03-02 17:00:33
Әзімбай Ғали: Үмітсіз қазақ қазақ емес
Түркия мен Ресей өзара араздасып келеді . Түркия НАТОның мүшесі. Батыс альянсы Түркияны қолдайды. Сирияда Асад отбасының шиитер (алавит сектасы) билеп отыр. Сауд Арабиясы және көптеген суннит мемлекеттер Сирия басшылығының әрекеттеріне жиіркенішпен қарайды.

Араб мемлекеттері өздері сунниттер болса да, сунниттік Түркия саясатына қауіптене қарайды. Себебі олардың көбі Осман империясының отары болған. Түркия өзі сол елдерге патрон, яғни, "қамқоршы" болғысы келеді. Ал Путиндік Ресей барлық посткеңестік елдердегі ықпалынан айырылса да әлі де өзін Ұлы держава сезінгісі келіп, геосаясатқа араласқысы келеді. Сол мақсатпен АҚШ, Европалық Одақ және НАТО басшылығымен тайталаспақ. Ресейдің бүгінгі күнгі геосаяси айбары мен абыройы түсіп барады. Орыс жұртшылығын қорғаймын деп Украинадан Қырым жартыаралын тартып алып, Донбасс пен Луганск өлкесіне әскер кіргізді. Есесіне Батыс елдерінің санкцияларына ұшырады. Енді посткеңестік мемлекеттер де Ресейден қауыптенетін болды. Ресей Сирияны қолдаймын деп біраз әскери шығындарына ұшырады. Мысалы, тек Дар Аз-Зор маңайында ғана 200 солдаты мерт болды. Одан кейін де шығындары болып жатыр...

Бір жақсысы Қазақстан әскерлері ОДКБ мүшесі ретінде авантюраларға бармаған. Енді Ресей мен Түркияның Сирия Асад режимін қорғаудағы теке тіресі байқалады. Қазақстанға екі тарптың өзара соғыспағаны жақсы. Мүмкін екі жақты татуластыру ісіне кірісу керек шығар.

Бізге қолайсыз жағдайдың бірі де бірегейі – мұнай бағасының төмендеуі. Мұнайдан түскен қаржылар миллиардерлеріміздің қалтасын қампайтып, салықтар арқылы жыртығымызды жамайтын. Сондықтан енді Астанада күнде өтетін жиындар мен саммиттер азаяр.

Ресейдің Украинадағы әскери авантюрасы Путиннің бас ауыруына айналды және сол бас ауруы асқынып барады. Енді империяшыл Путин Қазақстанға әскери шабуыл жасамас деген ойдамын. Қазақстаннан Ресейге орыс жұртшылығы көшуді тоқтатар емес. 1990 жылдары орыс жұртшылығы 300-410 мың жылма жыл көшетін. Ал қазір 39-40 мыңнан аспайды. Біз бір миллион немісті Германияға аттандырдық. Олар қазаққа өкпелі емес екен, оған Германияға жасаған сапарымда көзім анық жетті. Орыс жұртшылығы да өз ата мекеніне қайтып келуді аңсайды. Шынын айтсақ бұл үрдіс сепаратизм қауіпін сейілдірді. Ресейде соңғы алты жылда экономика мен тұрмыс деңгейі стагнацияға ұшырады. Сол себептті болашақта Ресейге баратын көшкін мейлінше азайады.

Ал Қазақстан экономикасы жылма жыл 3,9-4,1 % өсіп келеді. Біздің Ішкі Жиынтық Өніміміз Орта Азиядағы көршілерімізден 2,5 есе артық. Президент Тоқаев демократияға бетбұрыс жасамақ. Олай болса коррупциямен күрес күшеймек. Қазақ тілінің рөлі көтерілмек. Қазақ 70% жетіпті. Қысқасы, тәтті қиялдар мен үміттер жоқ емес.... Үмітсіз қазақ қазақ емес...

Дереккөз: Адырна порталы
Просмотров материала: 0