Жайықта салмағы 148 келі болатын ақсерке ауланды

2020-03-02 11:00:33
Жайықта салмағы 148 келі болатын ақсерке ауланды
Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауытының балықшылары Жайық өзенінен салмағы 148 келі тартатын ақсерке аулады. Балықтың ұзындығы 2,2 метрге дейін жетеді.

Зауыт жұмысшылары алып ақсеркені толық зерттеді. Оның уылдырығын үлкен балықтан ұрпақ алып, жас шабақтарды өсіру мақсатында пайдаланатын болады.

Жайықта салмағы 148 келі болатын ақсерке ауланды


Жайық-Атырау және Атырау бекіре балық өсіру зауыттарының жұмысшылары жыл сайын Жайық өзеніне 7 млн бекіре тұқымдас балығының шабақтарын жібереді.

2020 жылдың 23 ақпанынан бастап Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытымен бюджеттік бағдарлама аясында мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша бекіре тұқымдас балық өндіргіштерін дайындау жұмыстары басталды.
Просмотров материала: 0