Қасиетті Жұмада Талғар ауданында 7 балалы отбасы баспаналы болды

2020-02-28 17:00:31
Қасиетті Жұмада Талғар ауданында 7 балалы отбасы баспаналы болды
Жақында ғана Панфилов ауылында 7 баласы бар Шеңгелбаевтар отбасы жалдап тұрып жатқан үй өртеніп, бүкіл жанұя баспанасыз қалған болатын. Бұл жаңалық бүкіл халыққа тарап, көмек қолын созу бойынша бірталай істер атқарылды, деп хабарлайды Матрица.kz. Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жағдайды ести сала аудан басшысы Жолан Умаров оқиға орнына барып, отбасына барынша көмек шараларын ұйымдастырды. Сонымен бірге еріктілер тобы құрылып, жанұяға көмек көрсетілді.

Қасиетті Жұмада Талғар ауданында 7 балалы отбасы баспаналы болды

Енді міне, бүгін, 28 ақпан күні облыс басшысы Амандық Баталовтың тапсырмасымен жеке меценат «Өркениет констракшн» компаниясының демеушілігімен аталған отбасыға Панфилов ауылынан зәулім үй сатып алынып берді.

Просмотров материала: 0