Прокуратура: Ағаділ денесіндегі "дақтар" - биологиялық өлімнің белгілері

2020-02-28 13:00:35
Прокуратура: Ағаділ денесіндегі "дақтар" - биологиялық өлімнің белгілері
28 ақпанда түстен кейін Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің денесіндегі "азаптау іздері" туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 28 ақпанға қараған түні әлеуметтік желіде марқұмның денесіндегі "жарақат" туралы видео тараған еді. Кейбір белсенділер мен құқық қорғаушылар оны "изоляторда ұрып-соққан болуы мүмкін" деп мәлімдеп, биліктен түсіндіруді талап еткен, деп хабарлайды Азаттық.

Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Елдос Келімжанов "Ағаділді тергеу изоляторында азаптаған" деген ақпаратты жоққа шығарып, Ағаділ денесіндегі "дақтарды" биологиялық өлім белгілері деп атады.

- [Әлеуметтік желілерде тараған] Видеоматериалдарда мәйітте дақтар бары туралы айтылады. Оны дене жарақаты деп айтады. Мұнда оның пайда болу себебін түсіндіре алатын мамандар бар. Мәйіттегі дақтар - бұл биологиялық өлімнің белгілері. Медициналық тілмен айтқанда, дақтар адамның жүрегі тоқтағаннан кейін кемінде бір сағат өткеннен кейін пайда болады, - деді ол.

Тікелей эфирді көріңіз: