Браконьерлер 3 мың киікті қырған

2019-10-29 10:00:49
Браконьерлер 3 мың киікті қырған
Елімізде браконьерлерді тоқтатар күш болмай тұр. Жақында ғана Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш мың бас киіктің мүйізін тәркіледі. Ол үшін Қазақстаннның түпкір-түпкірінен азаматтар ауыз біріктіріп, қылмыстық топ құрған. Ұзақ уақыт бойы дала еркесін аямай атқандардың көздегені - мүйіздерін шетелге сатып, қыруар қаржы табу. Бұл үшін олар ештеңеден де тайсалмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Арнайы жасақтың шұғыл әрекеті. Қымбат көліктегілердің қолдарын қайырып, ұстап жатыр. Олар контрабандалық жолмен киік мүйізін шетелге тасымақшы болыпты. Қара нарықта қымбат тұратын ақбөкен мүйіздерін елдің жан-жағынан емін-еркін тасу үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау, Ақтөбе,Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан 18 браконьерді аңдып жүріп, қола түсірді.