Қағаз жүзінде бәрін қатырып қоясыздар, ал ауылдарда интернет жоқ - депутат Сабильянов

2019-10-29 10:00:49
Қағаз жүзінде бәрін қатырып қоясыздар, ал ауылдарда интернет жоқ - депутат Сабильянов
“Ауылдарға барғанда, біз кей кезде интернет жоқ дегенде халықтың алдында ұятқа қаламыз. Сіздер, мына жақта қағаз жүзінде бәрін қатырып қоясыздар, ал ауылға барғанда, жоғары жылдамдықты интернет жоқ". Егерде расында да сіздің ақпаратыңыз 3324 ауылда жоғары жылдамдықты интернет бар десеңіз барып көрейік ауылға, мен дайынмын”.

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты

Оны әріптесі Омархан Өкісікбаев қолдады.

“Интернет керек. Қандай ақпарат интернетте бар. Пайдалысы да бар, зияндысы бар. Әріптестерім айтып кетті балаларға зиянын. Осыны жүйелеп, бақылап отырған кім? Бүгін қараңыз, осы маңызды мәселеге ақпарат министрлігінен какой то бір департамент директорының орынбасары келіп отыр”, - деді ол.

Депутат айтқандай, "какой-то департамент директоры" түгіл, білдей бір байланыс операторының басшысы да ауыл-аймақты интернетпен қамту бойынша мардымды жауап айта алмай абдырады, деп хабарлайды Еуразия арнасы.

Ауыл-аймақ демекші, цифрландыру бағдарламасы аясында қазіргі таңда 3324 елдімекен интернетпен қамтылған екен. Алайда министр Асқар Жұмағалиевтің бұл статистикасы депутат Сабиляновтың ашуын келтірді.

Просмотров материала: 0