ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындауды барлық басшыларға тапсырды.


Президент берген тапсырмаларды нәтижелі орындау керек. Президенттің біздің жұмысымызға қатысты кеше айтылған сыны өте маңызды екенін атап өткім келеді. Барлық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен квазимемлекеттік сектор белсендігін арттыру қажет.

Премьер-министр бірінші басшыларға президент тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауда ұстауды тапсырды.

Президент үкімет жұмысын орташа деп бағалап, күзге қарай кадрлық өзгерістер болатынын айтты
Ол жобалар мен бағдарламалардың барлығы өңірлерде іске асырылатынын айта келе, олар халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондықтан үкімет пен әкімдіктер өзара орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешу керек.

Жалпы үкімет жұмысының нәтижелі болуы әрқайсымыздың тиімді жұмыс істеуімізге байланысты. Ел экономикасының дамуы халықтың тұрмыс сапасының жақсарғанын сезіну үшін жоспарланған жұмысты бірлесе атқаруға күш салуымыз керек.