ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирусқа байланысты Қазақстандағы мемлекеттік шекаралар қандай жағдайда жабылуы мүмкін екенін түсіндірді.
Ажар Ғиният Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде коронавирус ауруының көбейгенін жеткізді.
Осыған байланысты журналистер «қызыл» аймаққа көшкен аймақтарға қатаң карантин енгізуге бола ма деп сұрады. Ажар Ғиният мүмкін деп жауап берді.
Сонымен қатар министр елден шығуға және кіруге тыйым салу жоспары бар ма деген сұраққа да түсініктеме берді.
Қазір инфекцияның эпидемиологиясы зерттеліп жатыр. Егер қандай да бір елде коронавирустың жаңа штаммы анықталса және ол біздің елде әлі тіркелмесе, сонда ғана шекараны жабу туралы шаралар қолға алынады.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл инфекцияның циклді және толқынды ағымы бар екенін атап өтті.
Вирус өзгеріп, құбылып жатыр. Клиникалық көрініс те өзгеріп жатыр және бұл вирустың жаңа штаммы бола ма, клиникасы қандай болады, әлі белгісіз. Енді дәл осы толқында Delta вирусы сияқты өкпенің мұндай зақымдануы жоқ. Сондықтан біз инфекцияны қадағалап, реттеп, ұйымдастыру мәселелерін, көмек көрсету және емдеуді, сонымен бірге инфекцияның ағымы мен таралуына байланысты карантин шараларын қарастырамыз.
Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
15.07.2022
104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80 пайызға қамтамасыз етуге болады - ҰКП
15.07.2022
Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп берді
15.07.2022
Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь
15.07.2022