Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев баспасөз конференциясында айтты.
Ербол Есенеев елдегі қант тапшылығына қандай көзқараста екенін айтты.
Ең бастысы қант қызылшасын өндіру көлемін арттыру қажет. Біздің өз есебіміз бар. Жер және су мәселесі шешілсе, Алматы, Жамбыл облыстарында 104 мың гектар жерге қант қызылшасының өндірісін арттырсақ, ішкі нарықты 80 пайызға толы отандық қантпен қамтамасыз етуге болады. Осыған тиянақты бағдарлама керек, - деді Есенеев.
Ал Агроөндірістік кешен комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаев соңғы жылдары қант қызылшасын өсіру және оны көбейту туралы әр министрлікке 5-6 бағдарлама ұсынылғанын айтты.
Жоспарлағанға әр министр жауап беруі керек. Өткен мәселенің барлығын жоққа шығаруға болмайды. Кеңес үкіметі кезінде егілді ғой. Соны қалпына келтіру керек. Жерді алып, тұқымды қалыпқа келтіру керек. Бұл-үлкен саясат. Жұмыс орындары ашылатын еді. Осыған біз бағыт беріп, қалпына қайта келтіру керек. Қант мәселесін шешуге болады, - деді Жигули Дайрабаев.
104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80 пайызға қамтамасыз етуге болады - ҰКП
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
15.07.2022
Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп берді
15.07.2022
Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь
15.07.2022
Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына берілген қаруын да дұрыстап меңгеріп үлгермейді
15.07.2022