Жамбыл облысында жұмысқа қабылдау кезінде пара алу фактілері тыйылмай тұр – Антикор
Оның айтуынша, мемлекеттік мекеме басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бағытындағы жұмысты әлі күнге дейін қадағаламай келеді.
"Есептік кезеңде әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 17 хаттама толтырылып, 6 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Айта кетері, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдаса, білім беру мекемелерінің басшылары кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқан", - деді Мақажанов.
Жарты жылда департаментте 66 қылмыс (2021 жылы – 42) тіркелген. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша – 46 (былтыр – 29).
54 адам қылмыстық жауапқа тартылды, соның ішінде республикалық деңгейдегі 2 басшы, облыстық деңгейдегі 4 басшы және аудандық деңгейдегі 3 басшы бар.
Мәселен, биыл Тараз қалалық сотының үкімімен Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры Нұрлан Бықыбаев, директордың орынбасары Ғалия Әлімжанова және аталған кәсіпорынның бұрынғы бөлім басшысы Жамал Ақпан пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 6 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ олар өмір бойына мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Мақажановтың айтуынша, Бықыбаев сыбайластарымен бірге экскурсовод қызметіне жұмысқа қабылдағаны үшін 200 000 теңге пара алған.
"Өкінішке қарай, Жамбыл облысында ақшамен жұмысқа қабылдау фактілері әлі күнге тыйылмай отыр", - деді Ернар Мақажанов.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.