Көкшетаулық полицейлер қылмыстық істі жабуға 23 млн теңге сұраған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары (23 млн теңгеден астам) сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Ведомствоның хабарлауынша, 8 шілдеде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды.
9 шілде күні Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.