Ақмола облысы Зеренді ауданында қатты жел 8 тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.
Зеренді ауданы Ақадыр ауылында екпіні 23 м/с қатты желден жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын 8 жеке тұрғын үйдің шатыры жартылай қирады.
Ақадыр, Ұялы, Еңбек-Бірлік ауылдарында электр желілері үзіліп, салдарынан 247 абонентке электр энергиясын беру тоқтатылды. Оқиға орнында "Куат энергопартнер" ЖШС бригадасы, 1 бірлік техника және 5 адам жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Қазіргі уақытта елді мекендерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың арнайы комиссиясы үйлері желден зардап шеккен жер үйлердің иелеріне келтірілген залалды өтеу бойынша шешім қабылдайды", – деді ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.
Облыстық ТЖ департаменті тұрғындарға дауыл кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті.
Ақмола облысында сегіз үйдің шатырын жел ұшырып әкетті
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
09.07.2022
«Біз күлмен демаламыз»: Алматы облысының тұрғындары наразылықтарын білдірді
09.07.2022
Жапонияның бұрынғы премьерімен қоштасу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды
09.07.2022
Ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұлғайтамыз – ДСМ
09.07.2022