Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстан халқының шамамен 40% - ы ауылдық жерлерде тұрады, бұл ретте әрбір үшінші елді мекенде дәріханалар жоқ. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ауыл халқын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту және шалғайдағы ауылдық елді мекендерде және ауылдық денсаулық сақтау объектілерінде дәрі-дәрмектердің қолжетімділік деңгейін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.
Мемлекет басшысы мүгедек азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылдауды көздейтін заңға қол қойды, онда Кодекске енгізілген өзгерістер ескерілген.
Министрлікпен Кодекске өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлеу кезінде препараттарды сатып алу үшін аудан орталықтарына жүгінуге мәжбүр ауыл тұрғындарының қажеттіліктері ескерілді.
Кодекске енгізілген өзгерістер ауыл тұрғындарының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қолжетімділігін арттырады және оларды сатып алу үшін ірі елді мекендерге бару қажеттігіне байланысты шығындарды азайтады.
Бұдан басқа, ауыл халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқарушы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар дәрі-дәрмек саясатын жетілдіру жөнінде одан әрі шаралар қабылдайтын болады.
Ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұлғайтамыз – ДСМ
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
09.07.2022
«АрселорМиттал Теміртаудағы» адам өлімін цифрландыру арқылы азайтуға болады - министр
09.07.2022
Қашағанда мұнай өндірісі жоспарлы мерзімінен бұрын жанданды
09.07.2022
«Айбын» полкінің кіші сержанты абайсызда атылған оқтан көз жұмды(Видео)
09.07.2022